
Шекті баллдары:
«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл, басқа мамандықтар үшін кемінде 50 балл жинау қажет.
Оның ішінде талапкер Қазақстан тарихынан 5 балл, оқу сауаттылығынан – оқыту тілі бойынша – кемінде 3 балл, математикалық сауаттылықтан 3 балл жəне əр бейіндік пəннен кемінде 5 балл жинау қажет.
Кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы кәсіптік пән бойынша – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Магистратураға түсу үшін өтініштер жазғы қабылдау үшін 1 маусым мен 8 шілде аралығында ал, қысқы қабылдау үшін 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Докторантураға түсу үшін өтініштер жазғы қаылдау үшін 3 шілде мен 3 тамыз аралығында ал, қысқы қабылдау үшін 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары жазғы қабылдау үшін 4 тамыздан 20 тамызға дейін; қысқы қабылдау үшін 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
Биылғы қабылдау жұмысына дайындық өз деңгейде жүргізіліп жатыр. Ерекшелігіміз электронды кезекті жетілдірудеміз. Сұранысқа ие жаңа білім беру бағдарламалары ашылды: Мұнай газ цифрық инженериясы, Ұшқышсыз ұшу аппараттарындағы машина жасау технологиясы, Туризм саласындағы цифрлық маркетинг сондай ақ Құқықтану бойынша докторантураға қабылдау жоспарлануда.
Биылғы оқу жылына педагогикалық блім берутоптары бойынша 200 атаулы мемелкетті грант берілсе, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарына 95 грант берілгендігі қуантарлық жағдай.
70 жылдық тарихы бар М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті –серпінді инновацияларға, ғылымды қаржыландыруға, білім берудің мазмұны мен әдістеріне, басқару құрылымы мен модельдеріне бағытталған ғылым мен білімнің флагманы. Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылды. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2024 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті болып қайта құрылды.
Бүгінгі таңда Университет Халықаралық QS рейтингі сертификатының иегері. QS University Rankings рейтингі қорытындысы бойынша әлемнің 2 963 жоғары оқу орны қатысқан биылғы іріктеуде Дулати университеті үздіктер қатарына еніп, 1201-1400 орынды иеленді.
Дулати университетінде, 6 факультет өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына негізделген, бәсекеге қабілетті сұранысқа ие мамандар дайындайды.
Университетте 9 оқу корпусы, спорт кешендері, жылы жай, 130-дан аса оқу зертханасы, 2 жатақхана және 1250 орынды 13 кітап беру пункттері бар. Оқу залдары, Creative zone, Coworking zone, Open space форматындағы кітапханалар студенттер мен профессор-оқытушыларға қызмет көрсетеді.
Жаңа талапқа сай сұранысқа ие 148 білім бағдарламасы бойынша білікті профессор-оқытушылар дәріс береді;
Қос дипломды білім беру бағдарламалары аясындағы Португалия Өзбекстан Ресей мемлекеттерімен серіктестік орнатқан.
Халықаралық және ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламалары сәтті жүзеге асуда. Студенттер келісімшарт жасалған159 университеттің бірінде білім ала алады.
Дулати университеті спорт саңлақтарының ордасы... Спорт қашан да жастардың дене сымбатын арттырып, батылдық жігерін жанып, елін, жерін қорғауға әрдайым дайын болуға тәрбиелеу құралы. Университет спорт саласында мақтан ететін чемпиондар тәрбиелеуге үлкен мән береді. Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандар, озық тәжірибелі, білікті кадрлар жеткілікті.