Үш жақты меморандумға қол қойылды
Үш жақты меморандумға қол қойылды
«Мемлекет. Қоғам. Бизнес. Әділетті Қазақстанды құрудағы әріптестік» атты Жамбыл облысының ХІ-ші Азаматтық форумы аясында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын күшейту, жергілікті жердегі ірі кәсіпорындардың Үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын қолдау көрсетуі, гранттарға қаржы қарастыру және маңыздылығы жоғары жобаларды қолға алу мақсатында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, «Казфосфат», «Талас Инвест» ЖШС арасында үш жақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.