Т.Рысқұлов ауданының қаңтар-мамыр айының қорытындысымен әлеуметтік экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылуы бойынша
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысымен аудан экономикасының негізгі көрсеткіштерінің басым бөлігінде оң динамика қалыптасты. Жалпы шығарылған өнім көлемі қаңтар-мамыр айына 18,2 млрд. теңгені құрап, 3,3 млрд. теңгеге (122.1%) артық орындалып отыр. (2024 жылы 14.9 млрд. теңге). Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,3 млрд. теңгені құрап, 100,4%-ға орындалған (2024 ж. 6,3 млрд. теңге, 102,0%). Өсімдік шаруашылығы 100,0%-ға (2024 ж. 0,03 млрд. теңге, 100%); *Мал шаруашылығы 100,4%-ға (2024 ж. 5,197 млрд. теңге, 108,1%). Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,9 млрд. теңгені құрап, 135,1%-ға орындалды (2024 ж. 2,8 млрд. теңге, 92,4%). Құрылыс көлемі 2,5 млрд. теңгені құрап, 159%-ға орындалды (2024 ж. 1,5 млрд. теңге 106,6%). Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 3478 шаршы метрді құрап, 106,6%-ға орындалды. (2024 ж. – 3262 ш/м 102,5%). Бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,2% деңгейінде қалыптасты (2024 ж. 1,5 млрд. теңге, 103,4%). Дегенмен, бір көрсеткіш белгіленген межеге жеткен жоқ, ол өнеркәсіп өндірісінде 7,5 млрд. теңгенің өнімдері өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық орындалғанымен (2024 жылдың тиісті кезеңіне 5,5 млрд. теңге), НКИ 86,4%-ға орындалған.