Жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Облыс аумағында жазғы демалыс кезеңінде балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар өрт қауіпсіздігі шаралары қолға алынуда. Қазіргі таңда өңірде 30 жазғы сауықтыру орны (туристік базалар, қонақ үйлер, сауықтыру лагерьлері, балалар демалыс орындары) жұмыс істейді. Оның ішінде 12 балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері бар, олардың 5-еуі мемлекеттік, 2-еуі сенімгерлік басқаруға берілген, 5-еуі жеке меншік. Бүгінгі күні 7 лагерь жұмыс істеп тұр.
Лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғаларға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдері мен білім бөлімдерінің өкілдері бірлесіп нұсқау өткізді.
Жаз басталғалы бері департамент және оның аумақтық бөлімшелерімен туристік нысандарда, қонақ үйлерде, лагерьлерде және балалар демалыс орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
🔹 Анықтама:
Өрт қауіпсіздігін насихаттау аясында:
• 401 мақала баспасөзде жарық көрді,
• 148 сөз радио эфирінде айтылды,
• 169 бейнеролик теледидарда көрсетілді,
• Әлеуметтік желілерде 1218 материал жарияланды.
Өңірдегі барлық 1053 білім нысандарында (523 мектеп, 461 балабақша, 46 колледж, 10 арнайы мекеме, 11 қала сыртындағы лагерь) 100% өрт дабылқаққыштар орнатылған. Сонымен қатар:
• 15 450 өрт сөндіргіш құрал дайындалды,
• 854 нысан шатыр асты бөлігіне өртке қарсы қоспамен өңделді,
• 2154 өрт сөндіру қалқаны орнатылды.
🔹 Ағарту шаралары:
• 1899 оқу орнында 818 интерактивті сабақ (107 141 оқушы),
• 505 ашық сабақ (16 933 оқушы),
• 169 конкурс пен викторина (3273 бала),
• 82 экскурсия өрт сөндіру бөлімдеріне (2147 оқушы),
• «Ашық есік күні» аясында 39 іс-шара (677 оқушы),
• Онлайн арқылы 42 мыңнан астам ата-анаға бейнеролик көрсетіліп, жиналыс өткізілді.
🔹 Өрт жағдайы:
2025 жылдың басынан бері облыс аумағында 450 өрт оқиғасы тіркелді (2024 ж. – 400). Нәтижесінде:
• 3 адам қаза тапты (2024 ж. – 6),
• 6 адам түрлі жарақат алды (2024 ж. – 4),
• Өрттен келген материалдық шығын – 41 млн 172 мың теңге (2024 ж. – 53 млн 500 мың теңге).