Жаңалықтар

Жамбыл облысында «Ақсай Жуалы» минералды су өндіру зауыты іске қосылды

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Қайрат ауылында «Ақсай Жуалы» ЖШС жаңа өндірістік жобасын іске асырып жатыр. Бұл тек экономикалық емес, әлеуметтік және экологиялық маңызға ие бастама ретінде ерекшеленіп отыр.

2023 жылы басталған жобаның жалпы құны – 1,5 миллиард теңге. Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 10-15 тонна таза ауыз су өндіріп отыр. Жоба толық қуатына шыққан кезде бұл көрсеткіш 50-60 тоннаға дейін артады. Бұл – тек Жамбыл өңірін ғана емес, еліміздің басқа облыстарын да сапалы сумен қамтуға жол ашады.

 

«Ақсай Жуалы» өнімдері 0,5 л, 1 л, 1,5 л және 5 литрлік құтыларда шығарылады. Әр бөтелке заманауи автоматтандырылған желіде, санитарлық талаптарға сай құйылып, өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Қазіргі таңда зауытта 6 адам жұмыс істесе, толық қуатқа шыққанда 50-60 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл ауыл жастары үшін туған жерінде жұмыс істеп, тұрақты табыс табуға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еңбек көші-қонын азайтуға ықпал етеді.

 

#пресстур  #жамбылоблысы