Жаңалықтар

250 студент – болашақты ауылдан бастап жатыр

Бүгінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылында орналасқан «№16 Жуалы колледжі» – ауыл жастары үшін сапалы әрі қолжетімді кәсіптік білімнің нағыз орталығы саналады. Қазіргі таңда бұл оқу орнында 250-ге жуық студент білім алуда.

Колледждің негізгі мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлау. Осы бағытта оқу орны дәнекерлеу ісі, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, фермер шаруашылығы, тігін өндірісі, электр жабдықтарын пайдалану сынды бірқатар мамандықтар бойынша білім береді.

 

Білім ордасында 30-дан аса білікті оқытушы мен өндірістік оқу шеберлері жұмыс істейді. Олардың арасында жоғары және бірінші санатты тәжірибелі мамандар бар. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасы да заманауи талаптарға сай жаңартылған.

 

Колледждің маңызды артықшылықтарының бірі – дуальды оқыту жүйесінің сәтті енгізілуі. Бұл тәсіл студенттерге оқу барысында жергілікті кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, түлектер тек диплом ғана емес, нақты еңбек дағдысын меңгеріп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

#пресстур  #жамбылоблысы