КӨРУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПХАНА: ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған қызметін кеңейтіп, заманауи инклюзивті жобалармен табысты жұмыс атқаруда. Кітапхана республикада алғашқылардың бірі болып төрт форматтағы – Брайль қарпімен, жайпақ баспамен, дыбыстық және бедерлі-графикалық құралдар арқылы – әдебиеттермен қамтылған.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1490 оқырманға қызмет көрсетілсе, соның ішінде 451-і – зағип жандар. Кітап қоры 40 мыңнан астам дананы құрайды. Жыл басынан бері кітапхана қорына 77 жаңа кітап қосылып, Брайль қарпінде 19 атаулы кітап жарық көрді.
Кітапхана ұжымы биыл «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалінде «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.
Маңызды хабарлама: Тамыз айынан бастап Жамбыл облыстық арнайы кітапханасы жаңа мекенжайға – Тараз қаласы, Сүлейманова көшесі, 20 – көшетінін хабарлайды.