ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған.
Сонымен қатар, табиғи монополиялар заңнамасы аясында Департаменттің негізгі мақсаттары ол тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
2025 жылдың басынан бері Департаментке 19 табиғи монополиялар субъектілерінен 50 тарифті бекітуге 50 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі тұралы 2 хабарлама келіп түсті.
Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 50 өтінім бойынша 17 тариф бекітілді, 2 өтінім бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағасы келісілді, 9 өтінім бойынша қараудан бас тартылды, 20 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылды, 7 өтінім қаралуда.
Бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2024 жылы 2 табиғи монополия субъектісінің негізсіз табыс сомасы 346 344,96 мың теңгені құрады:
«Казфосфат» ЖШС-не – 185 787,52 мың теңге;
«Жамбыл су» КМК-на – 160 557,44 мың теңге.
Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді.