ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 6 АЙЛЫҚ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ
Осы брифингтің мақсаты – өңірде экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерімен таныстыру болып табылады. Қаржылық мониторинг органдары Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасын еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы белсенді түрде іске асырып келеді.