Жаңалықтар

Ұлттық ауыл шаруашылық санағы

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының Департамент басшысы және Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді, респонденттер санақ парақтарын sanaq.gov.kz порталында қашықтан өз бетінше толтыра алады. Бұл он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік шара ғана емес, сонымен қатар халықаралық маңызы бар науқан. Бұл санақ тек деректерді жинау емес – ол еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді.

Барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары санақтан онлайн өтуі тиіс. Жалпы алғанда, мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорнын, сондай-ақ 33 мыңнан астам шаруа және фермер қожалықтары мен ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қамту жоспарланып отыр.

Барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен жеке қосалқы шаруашылық басшыларын санаққа қатысуға шақырамыз. Осы арқылы сіз елдегі ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ете аласыз. Сіздің жауаптарыңыз субсидиялардың бөлінуіне, сақтау қоймаларының салынуы сияқты маңызды шаралардың қолданылуына әсер етеді.