Жаңалықтар

ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына туристік немесе жеке іс-сапармен келіп, тіркеусіз жүре алады. Әсіресе бізбен көршілес Республикасының азаматтары Қырғызстан, Өзбекстан Республикасының азаматтары келіп, тіркеусіз, турист ретінде жүре алады.

Жамбыл облысы ПД Көші-қон қызмет басқармасының мәліметіне сәйкес 2025 жылдың 7 ай ішінде Жамбыл облысы аумағына 21 311 (118-і шалғай шетел азаматтары, 21193-і – ТМД азаматтары) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар уақытша тіркелуге рұқсаттама алған (2024 жылы - 19266). Оның ішінде 19274-і ҚР аумағына жұмыс істеу мақсатында тіркелген, 1244-і отбасымен қайта қосылу үшін ал қалғандары әр түрлі мақсаттар бойынша тіркелген. 

          Сондай-ақ өздерініңізге белгілідей шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қабылдаушы тарапта жауапты. Сондықтан Қазақстан Республикасына келіп, уақытылы шетелдіктердің ҚР аумағынан уақытылы кетуін қамтамасыз етпегені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы), 407 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.