АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ- ЭКОНОМИКАНЫҢ ДРАЙВЕРІ
Биылғы жылы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 48,2 млрд. теңге (субсидия – 32,2 млрд. теңге, «СҚО» тәжірибесін тираждау – 11 млрд. теңге, Ауыл аманаты – 5 млрд. тг) бөлінді.
2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектар егістік алқапқа орналастырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектарға артық.
Есептік кезең бойынша 255 дана техника алынып, жоспар 4,1%-ға орындалды (10-комбайн, 245-трактор).
Нәтижесінде, көктемгі дала жұмыстарына 8 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникалары қатысты (О.і. тракторлар – 3 484 дана, соқалар - 1 189 дана, қопсытқыштар - 538 данасы, дән сепкіштердің - 773 дана, тұқым дәрілегіштер - 83 дана және басқа да техникалар – 2045 дана).
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Агронесиелік корпорация» арқылы «Кең дала -1» және «Кең дала - 2» бағдарламалары аясында 5 млрд. теңгеге жуық қаржыға өтінімдер түсіп, 4,8 млрд. теңгесі берілді («Кең дала -1» - 1 млрд. тг, «Кең дала - 2» - 3,8 млрд. тг. Қалған 2 млрд. теңге а.ж. қазан айында 2026 жылғы кдж қаржыландыру үшін беріледі).
Есептік кезеңде 343,5 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 335,9 мың гектары орылып, 400 мың тоннаға жуық өнім алынды.
Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 200-ге жуық кәсіпорындар тіркелген, оның ішінде 160 кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде. Осы кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам жұмыс орындарымен қамтылған.