Ауыл шаруашылығы- экономиканың драйвері
Биылғы жылы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 48,2 млрд. теңге (субсидия – 32,2 млрд. теңге, «СҚО» тәжірибесін тираждау – 11 млрд. теңге, Ауыл аманаты – 5 млрд. тг) бөлінді.
2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектар егістік алқапқа орналастырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектарға артық.
Есептік кезең бойынша 255 дана техника алынып, жоспар 4,1%-ға орындалды (10-комбайн, 245-трактор).
Нәтижесінде, көктемгі дала жұмыстарына 8 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникалары қатысты (О.і. тракторлар – 3 484 дана, соқалар - 1 189 дана, қопсытқыштар - 538 данасы, дән сепкіштердің - 773 дана, тұқым дәрілегіштер - 83 дана және басқа да техникалар – 2045 дана).
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Агронесиелік корпорация» арқылы «Кең дала -1» және «Кең дала - 2» бағдарламалары аясында 5 млрд. теңгеге жуық қаржыға өтінімдер түсіп, 4,8 млрд. теңгесі берілді («Кең дала -1» - 1 млрд. тг, «Кең дала - 2» - 3,8 млрд. тг. Қалған 2 млрд. теңге а.ж. қазан айында 2026 жылғы кдж қаржыландыру үшін беріледі).
Есептік кезеңде 343,5 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 335,9 мың гектары орылып, 400 мың тоннаға жуық өнім алынды.
2025 жылғы 7 айдың қорытындысымен облыста мүйізді ірі қара мал саны – 476,0 мың басты, қой саны – 3 303,8 мың басты, жылқы саны – 195,5 мың басты, түйе саны – 8,6 мың басты, құс басы – 1 944,6 мың басты құрады.
2025 жылдың 7 айында облыста тірідей салмақта – 64,8 мың тонна ет өндіріліп, 5,4 %-ға артты (2024 жылы 61,5 мың.тн).
Ет экспорты: Жыл басынан бері 1 615,2 тонна ет және 340 тонна шұжық өнімдері экспортталды.
Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 200-ге жуық кәсіпорындар тіркелген, оның ішінде 160 кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде. Осы кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам жұмыс орындарымен қамтылған.