ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ АУМАҒЫНДАҒЫ МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ
Өрт қаупі бар маусымының басталуы. Өңіріміздің мемлекеттік орман қоры аумағын өрт қауіпті маусымы кезеңінен қорғау жұмыстары қарастырылған. Өрт қаупі бар маусымның басталуына орай, орман шаруашылығы мекемелері тарапынан дайындық жұмыстарын жүргізу.
2025 жылы Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік орман қорында өрт қаупі бар маусым 26 наурыздан бастап белгіленді. Мемлекеттік орман қоры аумағын өрт қауіпті маусымында қорғау мақсатында тиісті дайындық шаралары жүргізілуде. Өрт қаупі бар маусымның басталуына орай, орман шаруашылығы мекемелері тарапынан келесі жұмыстар жоспарланған:
өртке қарсы техникалар мен құрал-жабдықтарды тексеруден өткізу және олардың дайындығын қамтамасыз ету;
орман шаруашылығы мекемелерінің өрт сөндіру жасақтарын оқу-тәжірибелік жаттығулардан өткізу;
өрт сөндіру әдістемелерін меңгерту арқылы қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
өрттің алдын алу шараларын пысықтау, орман қоры аумағында патрульдік бақылауды күшейту.
Бұл шаралар орман алқаптарында өрттің алдын алу және оның таралу қаупін азайтуға бағытталған.
Осы мақсатта, орман шаруашылығы мекемелерінің орман қорындағы орманшылықтарда 39 өрт бақылау мұнаралары, 16 дана найзағай бұрғыштар жұмыс жағдайына келтірілді. Өрт қауіпті аумақтардағы 65 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер құру жұмыстары жүргізілуде.