ШОМЫЛУ МАУЫСЫМЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Облыс аумағында халқы тығыз орналасқан немесе оларға тікелей жақын орналасқан, қол жетімді және шомылуға жарамды 117-ден астам су айдыны бар. Қазіргі уақытта облыстың су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.
2025 жылдың басынан бері (2024 жылдың ұқсас кезеңінде 4 адам тіркелді) және шомылу кезеңінде жазатайым оқиғалар тіркелмеген.
Қаза тапқандардың басым көпшілігі 19 жастан 45 жасқа дейінгі еңбекке жарамды және қабілетті жасқа сәйкес келеді.
Бұл ретте 2025 жылдың басынан бері 10 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала.
Мәслихаттың (26.09.2019 жылғы № 38-9) шешімімен облыс аумағында
189 орында шомылуға тыйым салынған.
Әкім қаулысымен (31.05.2024 ж. №139) су объектілерінде шомылуға рұқсат берілген 13 орын белгіленген.
Өз кезегінде, аталған 13 учаскеде 9 коммуналдық және 4 жеке жағажай бар. 10 жағажайда су айдынының түбін тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілді.
Анықтама: жаппай демалуға арналған 13 орын:
Тараз қаласы-2, Жамбыл ауданы-1, Жуалы ауданы-2, Қордай ауданы-2,
Сарысу ауданы-1, Талас ауданы-2, Шу ауданы-3.
Демалыс орындарының иелерімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы әңгімелесулер жүргізілді.
Тараз қаласының (1 мобильді), Жуалы (1 мобильді) Талас (3 мобильді),
Сарысу (1 стационарлық) және Шу (2 мобильді) ауданының аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін стационарлық және мобильді 8 бекеттер қойылды.