Жергілікті бюджет бойынша Салық кодексінде күтілетін өзгерістер
2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданды. Құжаттың мақсаты – салық жүйесін жетілдіру, әкімшілік жүктемені азайту және ашық фискалдық ортаны қалыптастыру.
Негізгі өзгерістер:
- Жеке табыс салығы бойынша прогрессивтік шкаланың енгізілуі;
- Корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салық нормаларын қайта қарау;
- Арнайы салықтық режимдерді оңтайландыру;
- Салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және есептілікті қысқарту;
- Жергілікті салықтар (жер, көлік, мүлік) бойынша өзгерістер;
- Жаңа акциздер мен экологиялық төлемдердің енгізілуі.
Жергілікті салықтар бойынша:
- Жер және көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды, жылдық декларациялар енгізіледі;
- Мақсатты пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне ескерту берілгеннен кейін ставка 40 есеге ұлғаяды;
- Көлік салығы бойынша пайдалану мерзімі 10 жылдан және 20 жылдан асқан автокөліктер үшін төмендету коэффициенттері енгізілді;
- Шаруалар үшін бір пикап көлігіне салық төлеуден босату қарастырылды;
- Мүлік салығын төлеу тәртібі жеңілдетілді.
Әкімшілендіру:
- Есептілік нысандары 30%-ға қысқартылды;
- Декларацияларды алдын ала автоматтандырылған толтыру енгізілді;
- Есептілікті уақытында тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды;
- Цифрлық сервистер («e-Тамға») дамытылады.
Жаңа Салық кодексі бизнеске, әлеуметтік салаға және ауыл шаруашылығына қолдау шараларын салықтық тәртіпті күшейтумен және процестерді цифрландырумен үйлестіреді.