Мүгедектік белгілеу және мүгедектігі бар адамдарға оңалту бағдарламасын әзірлеу тәртібі
Жамбыл облысының коммуникациялар қызметінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2025 жылдың 8 айдағы жұмыс қорытындысы туралы брифинг өтеді.
Іс - шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынабасары Ергеш Ержан Ермаханұлы қатысады.
Департамент мемлекеттік қызметтердің 17 түрін, оның ішінде зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және мүгедектік тобын белгілеу бөлігінде көрсетеді.
Медициналық – әлеуметтік сараптама мәселесі бойынша:
Жамбыл облысына төмендегі медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдері қызмет көрсетеді:
МӘС бақылау және әдіснама бөлімі
4 жалпы МӘС бөлімдері
Жамбыл облысы халқының саны - 1221439 (2024 ж. - 1222593).
Жамбыл облысында, бүгінгі таңда, орталықтандырылған мүгедектердің деректер базасы бойынша барлығы 45739 мүгедектігі бар адамдар тіркелген, оның ішінде ересек мүгедектігі бар адамдар саны - 38939 (1 топ - 4830 адам, 2 топ - 16395, 3 топ - 17714) және 0-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балалар саны - 6800 (1963-і - 7 жасқа дейінгілер, мүгедектігі бар 1 топтағы бала - 724, мүгедектігі бар 2 топтағы - 1283, мүгедектігі бар 3 топтағы бала-2830). Қала бойынша мүгедектер саны - 18880 адам, ауыл тұрғындары - 26859. Жынысы бойынша - ер адамдар арасындағы мүгедектігі бар адамдар саны - 26632-58,2%, әйелдер - 19107 адам - 41,8%. Облыс бойынша мүгедектіктің үлес салмағы - 3,7%.
Зейнетақы мен әлеуметттік қамсыздандыру мәселесі бойынша:
Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5% - ға артты. Ағымдағы жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 62771 теңгені, ең жоғары зейнетақы мөлшері – 129756 теңгені құрайды. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылға дейін болған жағдайда, азаматтар базалық зейнетақының ең төменгі мөлшеріне сене алады, ол қазір ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – на тең немесе 32360 теңге. Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%, немесе 50851 теңгені құрайды. 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш ұлғайып, 3932 теңгені құрады. Ол жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұлдар, салықтар және басқа төлемдерді қолдану үшін қолданылады.
2025 жылдың 8 айында 52521 жаңа тағайындалған, 46440 іс қайта қаралып, бекітілді. 1454 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған, 3192 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды, оның ішінде 2661 іс - мемлекеттік кепілдік төлемі. Тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 5512, тоқтатқан – 11181, қалпына келтірген – 344 құрады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау мәселесі бойынша:
Халықты әлеуметтік қорғау саласында бақылау бөлімімен 2025 жылдың қаңтар – тамыз аралығында барлығы 21 тексеріс жасалынды. Оның։ 16 объектіге жоспарлы профилактикалық бақылау және 5 жоспардан тыс бақылау болды. Жоспардан тыс: прокуратура тапсырмасымен 4 мекемеге, жеке азаматтың өтінішімен 1 мекемеге тексеріс жүргізілді.
21 тексеріс нәтижесінде – 5 субъектіге (объектіге) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды, 27 кемшілік анықталды. Жоспардан тыс 1 бақылау бойышша 1 бұзушылық анықталды, әкімшілік іс қозғалды, айыппұл өндірілді, 235 000 теңге.