Вакцинацияның маңызы
Иммунизация — бұл әлемдік денсаулық сақтау саласындағы табысты тарих, әр жылы миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Вакциналар организмнің табиғи қорғаныс күштеріне әсер ете отырып, аурулардың алдын алады.
Қазіргі қол жетімді вакциналар 30-дан астам өмірге қауіпті аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді, бұл адамдардың кез келген жасында ұзақ әрі сау өмір сүруіне жағдай жасайды. Иммунизация жыл сайын дифтерия, сіреспе, тұмау, коклюш және қызамық сияқты аурулардан 3,5-5 миллион өлімнің алдын алады.
Маңызды! Кез келген екпеден бұрын міндетті түрде дәрігердің медициналық тексерісінен өту қажет, бұл вакцинацияның қауіпсіз әрі тиімді өтуін қамтамасыз етеді.
Маңызды ұсыныстар: Ұлттық егулер күнтізбесін сақтаңыз, екпе жасамас бұрын дәрігердің тексерісінен өтіңіз, вакцинациядан қорықпаңыз, өзіңізді ғана емес, айналаңыздағы адамдарды да қорғаңыз, екпелер туралы ақпаратты тек ресми көздерден алыңыз.
Бүгінде қауіпті инфекциялардың алдын алуға мүмкіндік бар болғандықтан, осы мүмкіндікті пайдалану өте маңызды.
Ұлттық егулер күнтізбесін сақтау — тек жеке адамның денсаулығына қамқорлық қана емес, қоғамның қауіпсіздігіне қосқан үлес болып табылады. Біз ата-аналарды балаларын вакцинациялауға жауапкершілікпен қарауға және белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауға шақырамыз.