ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне генерал-майор Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды.
🔹1968 жылы 30 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген.1990 жылы Рязань жоғары әскери автомобиль-инженерлік Қызыл жұлдыз орденді училищесін тәмамдаған.
🔹Еңбек жолын сол жылы ІІМ КСРО Ішкі әскерлерінің мотоатқыштар полкі құрамында взвод командирі болып бастаған.1992 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріндегі жеке бригаданың автобронетанкалық қызметінің бастығы болып тағайындалды.
🔹1999–2014 жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының ІІД Әкімшілік полиция басқармаларын басқарды.
🔹2015 жылдан бастап ІІМ Орталық аппаратының Автокөлік шаруашылығы басқармасының бастығы,
2017 жылдан – ІІМ Тыл департаментінің бастығы қызметін атқарды.
🔹2022–2023 жылдары ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарған.
🔹2023 жылдың наурыз айынан бері ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.