Жаңалықтар

«ТАРАЗ-ОМЕГА» ФУТЗАЛ КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан футзалының аңызына айналған Дінмұхамед Сүлейменов енді Тараз-Омега командасын жаттықтырады.

Биылдан бастап Тараз-Омега футзалдан ел чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін болады. Команда ресми түрде Тараз КФК құрылымына кіріп, жаңа маусымға жаңаша серпінмен дайындалуда.

Бұған дейін футзалдан «Омега» жеке командасы Қазақстан чемпионатының Бірінші лига командалары арасында және ел кубогының іріктеу кезеңінде бақ сынаған болатын.

🧑‍🏫 Димаш Салмұхамбетұлы Сүлейменов — 1981 жылы туған. 20 жылдан астам кәсіби мансабында түрлі клубтарда доп теуіп, шамамен 10 жыл Қайрат сапында өнер көрсетті.

Ол — еліміздегі ең танымал футзалшылардың бірі:
• 🥉 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері
• 🏆 УЕФА кубогының екі дүркін жеңімпазы
• 🥇 Қазақстан чемпионы — 9 рет
• 🥈 Күміс жүлдегер — 3 рет
• 🥉 Қола жүлдегер — 3 рет

2022 жылы ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін ол бапкерлік жолды таңдады. Осы уақытқа дейін Каспий футзал командасында жұмыс істеп, тәжірибе жинады.

Жаңа маусымда ол «Тараз-Омега» командасын жоғары нәтижелерге жетелеуді көздеп отыр.
Бұл туралы Тараз клубының баспасөз қызметі хабарлады.