Жаңалықтар

2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес 2025 жылғы 9 айында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 28 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 10, жоспардан тыс – 18, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 6, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 12.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 27-де жалпы сомасы 12 570,7 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 9 711,9 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 49,2 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (22,9 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 46,5%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 773,1 млн.теңге (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені 100% құрайды), 8 889,6 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар.