Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
ашық
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі едәуір артқан. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова хабарлады.

«МӘМС жүйесі енгізілгелі бері өңір тұрғындарына жоғары технологиялық және сапалы медициналық көмек қолжетімді бола түсті. Денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді», – деді Ғ. Аймағанбетов.

Негізгі көрсеткіштер:

  • 2025 жылы денсаулық сақтау саласына 132,6 млрд теңге бөлінді (2024 жылмен салыстырғанда +2,8%).
  • Облыста 109 медициналық ұйым қызмет көрсетеді (38 мемлекеттік, 71 жеке).
  • Жоғары технологиялық көмекке 2 млрд теңге бағытталып, 1 391 күрделі операция жасалды.
  • «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 150 ЭКО қызметі көрсетіліп, облыста 350-ден астам бала дүниеге келді.
  • Медициналық оңалтуға 4,6 млрд теңге бөлінді (2019 жылмен салыстырғанда 7,3 есе көп).
  • Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтуға 2025 жылы 11,8 млрд теңге бөлініп, 662 993 рецепт орындалды.

МӘМС жүйесіндегі жаңалықтар:

  • Әлеуметтік әл-ауқаты төмен және ресми жұмыссыз азаматтар үшін жарналарды енді жергілікті бюджет төлейді.
  • Сақтандыру мәртебесін сақтау мерзімі – 6 айға дейін ұзартылды.
  • Қазіргі таңда облыс халқының 80,8%-ы (952 мың адам) сақтандырылған.
    2026 жылдан бастап онкоскринингтер мен ауыр ауруларды ерте анықтау тегін жүргізіледі. Бұл шара ТМККК тізіміне енгізіліп, сақтандыру мәртебесіне қарамастан барша азаматтарға қолжетімді болады.

Байланыс:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы
Тел.: +7 777 092 4858| E-mail: info.zhambyl@fms.kz

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар