ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ: 9 АЙЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Жамбыл облысында жастар саясатын тиімді іске асыру мақсатында 13 «Жастар ресурстық орталығы» (1 облыстық, 2 қалалық, 10 аудандық) қызмет атқарып келеді. Орталықтарда барлығы 423 қызметкер еңбек етуде (облыс бойынша – 18,5, қала – 36, аудан – 368,5).
2025 жылдың 9 айында жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында 11 бағыт бойынша 13 734 іс-шара ұйымдастырылып, 352 406 жас қамтылды. Оның ішінде қала жастары – 69 942, аудан жастары – 282 464.