Жаңалықтар

ТҰМАУ МЕН ЖРВИ: АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

Тұмау мен ЖРВИ - тек маусымдық аурулар емес. Олар жыл сайын айтарлықтай сырқаттанушылықтың, еңбекке уақытша жарамсыздықтың, ал кейбір жағдайларда ауыр асқынулар пайда болуының себептері болып келеді.

Тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы ағымдағы жылдың қазан айынан келесі жылдың мамыр айына дейін созылады.

Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап халықтың аурушаңдығына, вирустардың айналымын анықтауға мониторинг жүргізіледі.

Эпидемиологиялық маусымның басынан бері, яғни 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Жамбыл облысында эпидемиологиялық маусымда 18 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекциялармен ауырды, оның 62,4% - дан астамы (11236) 14 жасқа дейінгі балалар.

Респираторлық вирустардың айналымын анықтау мақсатында 36-дан астам материалдар зерттелді, нәтижесінде тұмау және ЖРВИ-мен ауыратын науқастар анықталған жоқ.

Тұмау - бұл жедел респираторлық инфекциялық ауру, оның қоздырғышы бірнеше типтегі (А, В және С) тұмау вирустары болып табылады.

ЖРВИ тұмауға ұқсас клиникалық көрінісі бар, бір-біріне ұқсас көптеген ауруларды қамтиды, бірақ бұл ауруларды 200-ден астам басқа вирустар тудырады (аденовирустар, риновирустар, респираторлық синтетикалық вирус, метапневмовирус және т.б.)

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинация бүкіл әлемде ең тиімді профилактиканың негізгі құралы болып табылады.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен вакцинациялауға мынадай тәуекел топтары жатады: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (жүктіліктің 2-3 триместріндегі жүкті әйелдер, созылмалы 65 жастан асқан адамдар.

Бүгінгі таңда облыс емханаларында тұмауға қарсы екпемен 78129 (63,76%) адам қамтылған.