СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2025 жылдың бүгінгі күніне дейін 196 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру жұмыстарының нәтижесінде 137 нұсқама берілген, 381 әкімшілік іс қозғалды.
Оның ішінде 327 тапсырыс беруші, 22 мердігер мекеме, 8 жобалаушы, 5 сараптама ұйымы, 2 геологиялық зерттеулер ұйымы, 9 техникалық және 8 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соммасы 83 309 219 теңге айыппұл салынды.
Аталған тексерулердің нәтижесінде 2 техникалық қадағалаушыларға әкімшілік істер қозғалып, айыппұлдар салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.
Сонымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз, құрылыс нормалары мен ережелерінен ауытқып орындаған 3 мердігер мекеме, 8 жобалаушы мекеме, 2 геологиялық зерттеулер ұйымы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексеру қорытындыларының нәтижесімен 6 нысан бұзылды.
Одан бөлек, «Шу қаласы ЖЭО-ның түтін мұржасын қайта жаңарту» обьектісінің жұмыс жобасына берілген сараптама қорытындысы бойынша сараптама ұйымы «Сараптама Consulting» ЖШС-не ӘҚБтК-ң 317-1 бабының 2-тармағына сәйкес, 26.01.2024 ж. №KZ24VWC00199013 санды аккредиттеу туралы куәлігінен айырып, 2 752 400 тг. мөлшерінде айыппұл салынды.
Тараз қаласы Республикалық маңызы бар «Тараз индустриялық аймағының инженерлік-көлік инрақұрылымын салу» 1-ші және 2-ші кезек Автожолдарды салу нысанының жобалаушы ұйымы «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС ӘҚБтК-ң 312 бабының 2-тармағына сәйкес, 03.06.2022 ж. №ГСЛ №0000753 лицензиясындағы «Барлық санаттағы автомобиль жолдары» бөлігі қызметінен айырып, 1 572 800 тг. мөлшерінде айыппұл салынды.
Облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты тапсырыс берушілердің ұсынымдарына сәйкес құрылыс нысандарына жалпы 129 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) ескертілді.