Жаңалықтар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ

Ағымдағы жылыту маусымы өткен жылдың 15 қазанынан бастылып, 2026 жылғы 15 сәуіріне дейін жалғасады.

2024 жылғы 22 қазан мен 22 қараша аралығында Жамбыл облысында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Өрт қауіпсіздігі айлығының жоспары облыс әкімінің орынбасарының бекітуімен жүзеге асырылуда.

Айлық барысында тұрғын үй секторындағы өрттер мен улы газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кең көлемді іс-шаралар атқарылды.

Өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде 12 586 тұрғын үй тексеруден өтті. Жылыту маусымы кезінде өрт салдарынан адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында 27 689 азаматқа нұсқаулық берілді. Сондай-ақ жылыту пештері мен электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша 3 516 адамды қамтыған 293 жиын өткізілді.

Әлеуметтік тұрғыда осал топтарға жататын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, 2 978 әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлері бойынша тізім нақтыланды. 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері аталған үйлерді аулалық аралаумен толық қамтыды.

2025 жылғы 1 маусымнан бастап жергілікті атқарушы органдармен бірлесе әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерге барлығы 328 датчик орнатылды. Оның ішінде улы газды анықтайтындары – 214 дана, табиғи газды анықтайтындары – 114 дана.

Жылу беру маусымындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында 858 материал жарияланды (оның ішінде 599 мақала, 68 телесюжет, 191 радиоэфир). Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 1 433 материал, дауысзорайтқыш арқылы 9 670 хабарлама таратылды.

Облыс аумағында 881 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің 1 752 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде автономды жылыту жүйелеріне қатысты – 604, электр желілері мен қондырғыларына қатысты – 978 және басқа да 170 кемшілік тіркелген.

Жүргізіліп жатқан түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ облыстың тұрғын үй қорының өртке қарсы қорғалуын күшейтуге өз үлесін қосуда.