МУЗЕЙ – ҚОҒАММЕН ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейі - Қазақстан Республикасындағы ең көне музейлердің бірі.
Алғаш рет 1931 жылдың 25 тамыз айында ашылған музей қорында қазіргі таңда 72 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі «Көне Тараз» этно-мәдени, тарихи кешенінде орналасқан жалпы аумағы 4000 аса шаршы метр құрап отыр. Музейдің ғимаратында 4 үлкен экспозиция залдары жасақталып, 5000-ға жуық жәдігерлер халық назарына ұсынылған.Сондай-ақ музейдің 9 қалалық және 4 аудандық бөлімдері де халыққа қызмет етуде.