Жаңалықтар

САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ: НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР

2025 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 1141 өтініш келіп түсті. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 347 өтінішке (43,7%) артық (2024 жылы – 794 өтініш).

Өтініштердің түсу формалары:

Жазбаша өтініштер – 765

Мамандардың жеке қабылдауы – 109 адам

Қауырт желі арқылы – 212 қоңырау

Telegram-бот арқылы – 49 өтініш

Басшының жеке қабылдауында – 6 адам

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Жалпы өтініштердің 957-сі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына қатысты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 289 өтінішке (43,3%) артқан (2024 жылы – 668 өтініш).

Ең көп шағым түскен бағыттар:

  • Бөлшек сауда – 301 өтініш (31,5%), бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4%-ға төмен. (2024 жылы бұл сала барлық өтініштердің 46,9%-ын құраған.)
    • Негізгі шағымдар:
      • сапасыз тауарды қайтарудан немесе ауыстырудан бас тарту,
      • 14 күн ішінде тауарды қайтарудан/ауыстырудан бас тарту.
  • Электронды сауда – 219 өтініш (22,9%), бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп (2024 ж. – 104 өтініш). Бұл сала тұрмыстық қызметтер мен ТКШ саласын басып озып, екінші орынға шықты.
  • Тұрмыстық қызметтер – 110 өтініш (11,5%), бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға көп.
  • Білім беру қызметтері – 78 өтініш (8,2%), бұл 2024 жылмен салыстырғанда үш есе көп (2024 ж. – 25 өтініш). Барлық қызмет онлайн көрсетілген. Шағымдар:
    • оқыту сапасының төмендігіне,
    • келісімшартты бұзудан бас тартуға қатысты.

Сауда қызметі

Сауда саласы бойынша 216 өтініш келіп түсті.

 Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 41,7%-ға артық (2024 ж. – 126 өтініш).
 

Жүргізілген тексерулер

Тұтынушылардың өтініштері негізінде Департаментпен 161 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде:

  • Сауда саласында – 124 тексеру (негізгі себеп – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме бағаның артуы),
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында – 37 тексеру (негізгі себептер: тұтынушы шағымына жауап бермеу, тауарды қайтарудан/ауыстырудан бас тарту, тұтынушы үшін ақпараттың болмауы).

Тексерулер нәтижесінде:

  • 77 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы – 3 601,7 мың теңге (тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша – 18 айыппұл, 393,2 мың теңге),
  • Тұтынушыларға 17,3 млн теңге қайтарылды.
  • Өткен жылдың осы кезеңінде 106 тексеру жүргізіліп, 67 әкімшілік жаза ретінде ескерту және 16 айыппұл салынған, жалпы сомасы 2362,9 мың теңгені құрады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Департамент келесі ақпараттық жұмыстар жүргізді:

  • Әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) – 1782 материал жарияланды
  • Өңірлік БАҚ-та49 мақала жарияланды
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында16 материал жарияланды
  • Ұйымдастырылды:
    • Облыстық радиода 3 маманның сөз сөйлеуі
    • 13 ашық есік күні
    • 5 брифинг (Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында)
    • 2 қоғамдық қабылдау («Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп)