Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚТЫҢ СПОРТТЫҚ-ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» басшысы Кулжанов Ардақ Зейнуллаевич өңірде бұқаралық спортты дамыту және оқушылардың спорттық жетістіктері бойынша атқарылған жұмыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ақпарат берді.

Спикердің айтуынша, бүгінде облыстағы 447 жалпы білім беретін мектепте 226 668 оқушы білім алса, оның ішінде 88 282 оқушы 3257 спорттық секцияларға тартылған. Секцияларда футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетика, таеквандо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және басқа да спорт түрлері қамтылған.

Ірі спорттық іс-шаралар мен нәтижелер

1. «Ұлттық мектеп лигасы»

Сәуір–мамыр айларында спорттың 10 түрінен облыстық кезең өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында 48 жарыс ұйымдастырылып, мектепішілік деңгейде – 193 200, аудандық кезеңде – 33 627, облыстық кезеңде – 3 057 оқушы қамтылды. Республикалық кезеңге шыққан 652 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

2. Студенттер арасындағы ұлттық спорт лигасы

Сәуір айында Тараз, Талас, Сарысу және Қордай аудандарында волейбол, баскетбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан жарыстар өтті. 11 команда, 1361 студент қатысты.

3. Қазақ күресінен «Оқушы Арланы» және «Оқушы Қыраны» турнирі

12-13 мамыр күндері өткен бұл облыстық турнирде жеңімпаздар Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында оқуға 100%, 75% және 50% гранттық жеңілдіктерге ие болды.

4. «Балдаурен» облыстық футбол турнирі

1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай Шу ауданында 2-4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

5. «Үздік дене шынықтыру педагогі-2025» байқауы

29-31 қазан күндері Жуалы ауданында өткізілді. Байқауға облыстың барлық аудандарынан мұғалімдер қатысты.

6. Дене шынықтыру пәні бойынша облыстық олимпиада

17-18 сәуір күндері 5-8 сынып оқушылары арасында өтіп, 40 оқушы қамтылды.

7. Педагогтердің біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған 80 сағаттық курсқа 75 мұғалім қатысты. Курстар жалғасуда.

8. Облыстық мұғалімдер спартакиадасы

23-27 қыркүйек аралығында Қордай ауданында спорттың 6 түрінен өткізіліп, 600-ге жуық педагог қамтылды.

9. Алдағы жоспар

Қараша айында гандболдан Д. Қонаевты еске алуға арналған облыстық ашық турнир өткізу жоспарда. Жарысқа басқа облыстардан командалар қатысады деп күтілуде.

Қорытынды көрсеткіш

Облыстық деңгейде – 64 жарыс, 4028 оқушы

Республикалық деңгейде – 59 жарыс, 824 оқушы

4 семинар, 137 мұғалім қамтылды.