Жаңалықтар

ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы туралы атап өтетін болсақ, ауданның жалпы өңірлік өнімі 70949,0 млн.теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен (58 101,6 млн.теңге) 22,1%-ға өсіп отыр.

Қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп көлемі 15 863,9 млн.теңге көлемінде немесе 101,0%-ға орындалып отыр. Алдағы айда өнеркәсіп  көлемі болжаммен 17300,0 млн,теңгені құрайды немесе 100,0%-ға орындалуы күтілуде деп болжам жасалып отыр.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы өнеркәсіп құрылымы:

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 15 863,9 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,0%-ға орындалды. Оның ішінде:

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім көлемі 14,0 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 66,7% болды.

Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 5 753,1 мың теңге болып, көрсеткіш 100,8 пайызды құрады.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында өнім көлемі 9 962,8 мың теңге, бұл 113,0 %-ды құрайды.

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бойынша қызметтер көлемі 133,8 мың теңгені құрап, 142,1  деңгейінде орындалды.

 

Аудан аумағында тау кен өндірумен айналысатын «Қалнұр» ЖШС және "ЖамбылДормоСтрой Сервис" ЖШС құм өндірумен айналысатын кәсіпкерлер бар, аталған кәсіпкерлердің белгіленген мөлшері өткен жылдан төмен болуы сұраныстың аз болуына байланысты.

Облыстық бекітілген индикатор бойынша өнеркәсіп көлемі  13 млрд 500млн теңгеге (2369,9 млн теңге немесе 17,5%) артық орындалған.

Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 102,7%-ға немесе 40374,0 млн.теңге көлемінде орындалып отыр. Оның ішінде: мал шаруашылығына 101,6% немесе 17907,3 млн.теңге болса, ал өсімдік шаруашалығына 22463,0 млн теңге немесе 103,6 % құрайды.

Қараша айының болжамымен 46600,0 млн.теңге көлемінде орындап нақты көлем индексін 101,0%-ға жеткізу жоспарлануда.

 

2025 жылғы қаңтар–қыркүйек айларындағы мал шаруашылығының көрсеткіштері:

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан бойынша мал шаруашылығы саласында өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң нәтижелер көрсетті.

Ет өндіру көлемі 8 797,2 мың тонна болып, өткен жылмен салыстырғанда 101,4%  құрады (2024 жылы – 8 679,0 мың тонна, 100,7%).

Сүт өндіру көлемі 27 632,5 мың тонна, немесе 101,6%, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 27 192,0 мың тонна болған (100,4%).

Жұмыртқа өндірісі 6 801,4 мың дана болып, өткен жылдың деңгейінен сәл жоғары (100,2%).

 

Мал басы бойынша:

Мүйізді ірі қара – 51 303 бас, бұл өткен жылмен салыстырғанда 92,3%-ды құрайды (2024 жылы – 54 520 бас, 114,7%). Оның ішінде аналық мал саны 19 988 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104,4 %-ға артқан.

Қой мен ешкі – 240 149 бас, бұл өткен жылғы көрсеткіштің 93,3 % құрайды (2024 жылы – 257 184 бас, 118,5%).

Жылқы басы – 18 949-ға жетіп, 110,0 пайызды көрсетті (2024 жылы – 17 227 бас, 117,2%).

Шошқа саны – есептік кезеңде тіркелмеген (2024 жылы – 25 бас, 35,8%).

Құстар саны – 79 738 бас, бұл өткен жылдың деңгейінен 90,9%

 

Өздеріңізге белгілі, биылғы қуаңшылыққа байланысты шаруалар қолда бар мал азығына қарай мал басын реттеп, артық малын сатуда, оның үстіне жем-шөптің аз болуы оның бағасының күрт өсуіне әкелді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9680,0 млн.теңгеге немесе 122,0%-ға орындалуда.

Жалпы сауда айналымы 8565,5 млн.теңге, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (7273,7 млн.теңге) 17,7 %-ға артып отыр, оның ішінде:

- бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 4146,9 млн.теңгеге немесе 115,8 %-ға орындалып отыр.

-көтерме сауда айналымының нақты көлем индексі  4418,6 млн.теңгеге немесе 104,3%-ға орындалып отырса, алдағы айда болжаммен көтерме сауда айналымы 4718,0 млн.теңгеге немесе 107,0%-ға орындалады деп күтілуде. 

Құрылыс көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 6145,6 млн.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 104,2%-ды құрады.

Алдағы айда құрылыс көлемі 7747,6 млн.теңгеге немесе 118,0 %-ға орындалуы күтілуде.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 12714 шаршы метрді құрап 103,4%-ға орындалды. (жоспар 12464 шаршы метр, 3,4%-ға артық орындалған).

 

Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсерін тигізетін көрсеткіштердің бірі ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан осы бағытқа тоқтала өтейін.

Аудан бойынша Ауыл шаруашылығы жерлері 216 306 га, оның ішінде 95 435 га егістік, (жалпы суармалы егістігі 8460га.) Шабындық 2 046 га,  Жайылым 109 439 га, көп жылдық екпелер 265 га, басқа да жерлер 2 128 га.

 

2025 жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі:

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 95 435 гектарды құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталды (100,0%).

Негізгі дақыл түрлері бойынша төмендегідей көрсеткіштер қалыптасты:

Бидай егіс көлемі 11 206 гектар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 109,5 % (2024 жылы – 10 233,2 га);

Жаздық арпа – 28 192 гектар, немесе 100,4% (2024 жылы – 28 093 га);

Майлы дақылдар – 18 467 гектар, 103,3% (2024 жылы – 17 878,1 га);

Көп жылдық шөптер – 4 500 гектар, 106,6 % (2024 жылы – 4 220,6 га);

Картоп – 2 554 гектар, 133,3% (2024 жылы – 1 871 га);

Көкөністер – 706 гектар, 112,1%(2024 жылы – 629,9 га);

Дәндік жүгері – 183 гектар, 144,8%(2024 жылы – 126,4 га);

Бақша дақылдары – 13 гектар, 118,2%(2024 жылы – 11 га);

Сүрлемдік жүгері – 708 гектар, 103,2%(2024 жылы – 686 га);

Мал азықтық дақылдар – 28 906 гектар, өткен жылмен салыстырғанда 91,4% (2024 жылы – 31 685,8 га).