Жаңалықтар

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА

Мамандар терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология және тағы басқа бағыттар бойынша тегін медициналық көмек көрсетуде.

Сондай-ақ тұрғындар дәрігерлерден кеңес алып, қажетті тексерулерден өтуде.

Сонымен қатар тұрғындарға әлеуметтік-құқықтық бағытта кеңес ұсынылады

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның заңгерлері мен медиаторлары аудан тұрғындарына кеңес беруде.
Кеңес беру барысында еңбек даулары, әлеуметтік төлемдер, құқықтық және сот мәселелері бойынша тұрғындардың сұрақтары тыңдалып, қажетті бағыт-бағдар берілуде.

Медициналық пойыз екі күн бойы аудан тұрғындарын қабылдайды.
Баршаңызды ұсынылатын тегін медициналық қызметтерді пайдалануға шақырамыз!