Жаңалықтар

ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДА

Жобалық басқару мемлекеттік секторда: Жамбыл облысы тәжірибесі

Жамбыл облысының Жобалық басқару және цифрландыру орталығы екі негізгі бағытта жұмыс істейді: облыстың цифрландыру жобаларын іске асыру және үйлестіру, сондай-ақ мемлекеттік секторға жобалық басқаруды енгізу мен дамыту.

2020 жылдан бастап облыстық жобалық офис мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды тиімді жүзеге асыруға белсенді кірісті. Мемлекеттік органдардағы жобалық офистер матрицалық басқару құрылымы қағидаларына негізделген, барлық қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Жобалық басқару қағидаларына сәйкес, бірыңғай ақпараттық жүйе іске асырылып, 287 қызметкер жұмыс істейді. Бұл жүйе жобалардың барысын ашық көрсетіп, мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыста 393 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде «Адами капитал», «Инфрақұрылымды дамыту», «Агроөнеркәсіптік кешен» сияқты негізгі бағыттар бар.

Мысалы, «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында 2023–2025 жылдарға 7 мектептің құрылысы мен ашылуы жоспарланған. Сонымен қатар, Президенттің Жолдауларын жүзеге асыру бойынша бірнеше он-лайн жобалар іске асырылуда, олардың барысы ақпараттық жүйеде толық көрсетіледі.

Жобалық басқаруды енгізудің маңызды шараларының бірі – қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Бүгінгі күні 257 мемлекеттік қызметші ISO 21502 стандартына сәйкес оқытудан өтті.

Жамбыл облысы мемлекеттік секторда жобалық басқаруды тиімді қолдануда көшбасшы болып отыр. Бұл тәсіл коммуникацияларды нығайтып, бюрократияны азайтып, жобаларды цифрлық құралдар мен Agile технологияларымен басқаруға мүмкіндік береді.