Жаңалықтар

ТАЛАЙ ЖЫЛ БОС ЖАТҚАН ЖЕРЛЕР ҮКІМЕТ ҚОЛЫНА ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, оларды заңнама талаптарына сәйкес айналымға қайта қосу және мемлекеттік меншікке қайтару бағытында кешенді жұмыстар жалғасуда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асуда.

419,3 мың гектар жер бойынша шара қолдану басталды

Аудандар тарапынан мал басы тіркелмей, пайдаланылмаған жерлер бойынша жалпы көлемі 419,3 мың гектар жер теліміне қатысты құжаттар облыстық Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Қазіргі күнге:

53 мың гектар жер қайта игеріле бастады;

31,5 мың гектар телімнің иелері қайтыс болғаны анықталды. Бұл жерлер ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес 1 жылға иесіз мүлік ретінде есепке қойылды;

128,7 мың гектар жер Департаменттің өндірісінде;

131,2 мың гектар жердің меншік иелері ауысқан, бұл телімдер бойынша аудан жаңа иелерін көрсете отырып қайта жолдайды.

Жоспар: жыл соңына дейін жерді толық мемлекет меншігіне қайтару

Пайдаланылмай жатқан және заң бұзушылықпен берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде нақты тапсырма берілген. Жамбыл облысы үшін 2024 жылға арналған жоспар — 90 мың гектар.

Бүгінгі күнге дейін:

61 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

14,2 мың гектар жер қайта ауыл шаруашылығы айналымына қосылды

Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Сарысу және Шу аудандарында конкурстар өткізіліп, 14,2 мың гектар жер қайтадан ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілді. Бұл өңірдегі аграрлық әлеуеттің артуына оң ықпал етеді.

Жайылымдарды кеңейту: 403,5 мың гектар жер анықталды

Елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жайылым тапшылығын төмендету үшін бос жатқан 403,5 мың гектар жер белгіленді.

Оның ішінде:

161,1 мың гектар аудандық мәслихаттармен бекітілді;

242,4 мың гектар жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, қосылған жерлерді жергілікті мәслихаттардың шешімімен бекіту 2026 жылдың маусым айына дейін толық аяқталуы тиіс.

Жайылымдарды пайдалану жоспары – 9 ауданда бекітілді

ҚР «Жайылымдар туралы» Заңы аясында барлық аудандарда жайылымдарды пайдалану жоспары мен схемасы жаңа 5 жылдық мерзімге қайта бекітіліп жатыр.

Қазіргі уақытта бұл құжаттар:
Меркі, Жамбыл, Талас, Сарысу, Жуалы, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандарында бекітілді.
Байзақ ауданында схеманы бекіту жұмыстары аяқталу үстінде.

Кәсіпкерлік үшін жер телімдері: 406,6 млн теңгеге сатылды

Кәсіпкерлік мақсатында жер телімдерін беру бойынша жоспар — 160 учаске.
10 айдың қорытындысы бойынша:

125 жер учаскесі сатылымға шығарылды;

Жалпы құны — 406,6 млн теңге (кадастрлық құны — 78,5 млн тг).

Бұл шағын және орта бизнестің дамуына жаңа мүмкіндік беріп отыр.