ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
ұл – өңірдегі бұқаралық және кәсіби футболды дамытуға бағытталған маңызды әрі ауқымды жоба.
🔹Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, Қазақстан Республикасы Футбол федерациясының өкілдері, спорт ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.
🔹Жаңадан бой көтеретін футбол академиясы заманауи талаптарға сай жабдықталып, жас футболшылардың кәсіби деңгейде шыңдалуына толық мүмкіндік береді. Мұнда олар жүйелі түрде жаттығып, білікті жаттықтырушылардан тәлім алады.
🔹Аталған жоба өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, Тараздан жаңа футбол жұлдыздарының шығуына жол ашады. Сонымен қатар академия жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.