ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА 10 АРКА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
Қаланың ажарын ашып, сәулеттік келбетін сақтау – ұқыптылық пен үйлесімділікті талап ететін маңызды міндет. Осы мақсатта Тараз қаласында қала тарихы мен мәдениетін айшықтайтын аркаларды жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді.
Бүгінде шаһар аумағындағы 12 аркада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 10 нысандағы жұмыстар толық аяқталып, қаланың кіреберіс және негізгі көшелеріндегі сәулеттік элементтер жаңа реңкке ие болды. Ал 2 арканы жаңарту жұмыстары әлі де жалғасуда.
Бұл жаңғырту шаралары тек қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін эстетикалық әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Заманауи талапқа сай жүргізілген жөндеу жұмыстары Тараздың абаттандырылған келбетін одан әрі күшейтеді.