Жаңалықтар

1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ЗАҢ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Бұл талап «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (ТР ТС) көрсетілген. Жол жүру ережесіне сәйкес, техникалық регламент талаптарына сай келмейтін көлікпен жолға шығуға болмайды,

Қыс мезгілінде, яғни желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында, ауа райына қарамастан, көлікте міндетті түрде қысқы шина – бүртабан немесе үш шыңы бар тау белгісі, сондай-ақ «М+S», «M&S», «M S» (Mud and Snow – «балшық пен қар») белгісі бар шина болуы тиіс. Бұл талап барлық төрт дөңгелекке қатысты, тек бір оське орнату жеткіліксіз.

Сонымен қатар, бір оське әртүрлі типтегі, өлшемдегі немесе әртүрлі протекторы бар шегелі және шегесіз шиналарды қоюға тыйым салынады. Қысқы шинаның протекторының минималды тереңдігі 4 мм болуы қажет, одан аз болса, талапқа сәйкес келмейді.

Қыста жазғы резинамен жүрген жүргізушілерге 5 АЕК айыппұл салынады. Биыл жыл соңына дейін айыппұл сомасы — 19 660 теңге, ал 2026 жылдан бастап — 21 625 теңге.

Егер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК. Бұл 2025 жылы шамамен 78,7 мың теңге, 2026 жылы 86,5 мың теңге.