Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЕКІ КӘСІПКЕР МЕН ӘКІМДІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты миссиясы – елдегі барлық бизнес субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, бизнес мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалог алаңын қалыптастыру. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы жыл бойы белсенді түрде жүйелі жұмыстар атқарды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеттерінің бірі – бизнес субъектілерінің заңды мүдделерін қорғау және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау.

2025 жылдың 11 айында Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 78 өтініш түсті.

10 өтініш оң шешімін тапты,

15-іне түсіндірме берілді,

53 өтініш бойынша мемлекеттік органдарға сұраныстар жолданды.

Өтініштердің басым бөлігі мына салаларға қатысты:

жер қатынастары – 22;

мемлекеттік сатып алу – 11;

білім беру – 10;

ауыл шаруашылығы – 4.

Кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқықтарының жалпы сомасы 2,8 млрд теңгені құрады (2024 ж. – 1,99 млрд теңге).

Палатаға жергілікті органдардан сараптамалық қорытынды беру үшін 112 НҚА жобасы келіп түсті:

58-іне ескертусіз қорытынды берілді;

22-сіне ұсыныстар енгізілді;

32 жоба кәсіпкерлер мүддесіне әсер етпейді деп танылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің жыл басынан бері 10 отырысы өтті.
Кеңес нәтижесінде:

15 ұсыныс әзірленді,

5 мәселе оң шешілді,

5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Палата 13 сот отырысына қатысты, оның 4-інде бизнес пайдасына шешім қабылданып, 201 млн теңгеге құқықтар қорғалды.

Облыстық прокуратурамен бірлескен жұмыстар нәтижесінде:

90 кәсіпкердің 160 млн теңгелік мәселесі шешілді;

189 аграрий бойынша 377,2 млн теңге көлеміндегі негізсіз қайтарымдар тоқтатылды;

278 жеке балабақша бойынша заңсыз дактилоскопия талабы жойылды.

 Инвестициялық жобалар

2025–2028 жылдарға арналған өңірдің инвестициялық жобалар базасы 82 жобадан тұрады. Жалпы құны – 3,6 трлн теңге, 10 мыңнан астам жұмыс орны қарастырылған. Оның ішінде:

өнеркәсіп – 36 жоба (1,7 трлн тг),

ауыл шаруашылығы – 17 жоба (48,4 млрд тг),

энергетика – 2 жоба (1,3 трлн тг),

туризм – 7 жоба (11,6 млрд тг).

Палата бұл жобаларды Интерактивті инвестициялық карта (ИИК) және Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (НЦИП) арқылы тұрақты мониторингтеуде.

ИИК-ке 71 жоба енгізілді (1,28 трлн тг);

НЦИП-ке 41 жоба енгізілді (4,7 трлн тг).

Инвесторлармен кездесулер, проблемалық мәселелерді шешу, инфрақұрылымға қосылу, рұқсат беру құжаттарын алу мәселелері жүйелі түрде назарда.

Нәтижелер:

«Казфосфат» компаниясының 1,9 млрд теңге көлеміндегі артығынан төленген төлемдері қайтарылды;

«Knauf-Тараз» жобасы бойынша жер учаскесін алу мәселесі шешілді;

«KORCEM» және «Qazaq Soda» зауыттарына экологиялық рұқсат беруге қолдау көрсетілді;

Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар инвесторларға нақты шешімдер ұсынылды.

 Салалық кеңестер жұмысы

Палата жанында өңірлік экономиканың негізгі бағыттары бойынша 7 салалық кеңес жұмыс істейді.

Кеңестер құрамында 500-ден астам мүше бар;

Кеңестердің қамту аймағы – 109 мыңнан астам кәсіпкер.

2024 жылдың 11 айында кеңестер 52 отырыс өткізіп, 130-дан астам мәселені қарады.
Мәселелердің негізгі бөлігі: мемлекеттік сатып алу, әлеуметтік кәсіпкерлік, салық салу, өнеркәсіпті қолдау, туризм, мектепке дейінгі білім, жүк тасымалы, АӨК субсидиялау және тағы басқа.

Салааралық кеңестер жұмысы

2025 жылы салааралық кеңестер:

134 мәселені қарады,

54-іне түсіндірме берілді,

53-і толық шешілді,

27-сі жұмыс барысында.

Маңызды бастамалардың бірі — кәсіпкерлер, ұйымдар және оқу орталықтары арасында ынтымақтастық меморандумдары жасалды.
Салалық кеңестер арқылы фермерлерді қолдау, ҚАЖ мекемелерінің өндірісін дамыту, жұмыс күшіне қажеттілік талдау сияқты бағыттар бойынша нақты нәтижелер бар.

 ҚАЖ жүйесімен ынтымақтастық

2025 жылы Палата бизнес пен ҚАЖ жүйесінің байланысын нығайтуға бағытталған ведомствоаралық жұмысшы топтың құрамында белсенді жұмыс атқарды.

Өңірде:

2 502 сотталған тіркеуде тұр,

1 815 адам жұмыспен қамтылған,

1 050-і — бизнес қолдайтын өндірістерде жұмыс істейді.

34 бизнес субъектісі ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістерді дамытуға тартылған.
«Жамбыл жиһаз зауыты» базасында кәсіби оқыту орталығы құрылды, алғашқы 9 сотталған жұмысқа орналастырылды.

 Адами капиталды дамыту

2025 жылы 2,4 мың кәсіпкерге сауалнама жүргізіліп, өңірдің кадр қажеттілігі 6,4 мың адам деп анықталды.
Дуалды оқыту 35 колледжде енгізілген.

Палатаның қолдауымен:

78 тәлімгер оқудан өтті;

33 оқу орталығы Реестрге енгізілді;

1,3 мың адам оқытылып, 78%-ы жұмысқа орналастырылды.

Жұмыс мамандықтары жылы

Палата 69 мансаптық іс-шара ұйымдастырып, оған 6 381 оқушы қатысты.
WorldSkills, AgroLeague, MedSkills чемпионаттарына қолдау көрсетті.
Өңір кәсіпорындары туралы кәсіби бейнероликтер дайындалды.
Бірқатар зауыттарға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Қаржылық емес қолдау және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы

2025 жылы Палата 7 мыңнан астам қызмет көрсетіп, 3 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетті.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында:

Таразда 100+ қатысушының көрмесі өтті;

2 финалист 5 млн теңгелік грант алды;

Тараз университетімен меморандум жасалып, оқыту және өнім сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде.