АҚЖҮРЕК ТАҢАТАРОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.
“Спорттағы мол тәжірибесі, жоғары жетістіктері мен кәсібилігі отандық күрестің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ақжүрек Танатарұлына жауапты қызметіне табыс тілейміз!” - делінген ресми хабарламада.