ОТШАШУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН САҚТАҢЫЗ
Жаңа жыл мерекелері қарсаңында отшашуды қолдану жиілеп, соның салдарынан өрт қаупі де арта түседі. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін отшашуды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау аса маңызды.
Отшашуды тек сертификатталған, арнайы рұқсаты бар дүкендерден сатып алу қажет. Қолдан жасалған, жарамдылық мерзімі өткен немесе зақымдалған бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Отшашуды іске қосу кезінде өндірушінің нұсқаулығын сақтау міндетті.
Отшашуды тек ашық алаңдарда, тұрғын үйлерден, автокөліктерден, электр желілерінен және адамдар көп жиналатын орындардан қауіпсіз қашықтықта қолдану керек. Жанған немесе іске қосылған отшашуды қолда ұстауға, адамдарға бағыттауға немесе оған еңкеюге болмайды. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер отшашуды ересектердің бақылауынсыз пайдаланбауы тиіс.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау – азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғаудың басты кепілі.