МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды.
✔️Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді.
✔️Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді.
✔️Мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді.
✔️Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.