БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА АШЫЛДЫ
Аңызға айналған қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған салтанатты митинг барысында Қорғаныс ведомствосының басшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов мемориалдық тақтаны ашты.
Іс-шараға полк командованиесі, жеке құрам, шақырылған қонақтар мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты. Қорғаныс министрі Жамбыл облысының Әлішер Қырықбайұлы, Әуесбай Көмекбайұлы, Әмір Жанабайұлы, Мақсат Тұрарулы, Мұхит Балмағамбетұлы, Тілеужан Қуатжанұлы және Мақсат Құрманғазыұлы сынды батырларымен орынды түрде мақтанатынын атап өтті.
2025 жылғы 25 желтоқсанда Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Момышұлына (қайтыс болғаннан кейін) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ерекше айырым белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырылды.