Жаңалықтар

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қаратау қаласы – Жамбыл облысы Талас ауданының өндірістік орталығы, 1963 жылы құрылған. 2025 жылдың 1 шілдесіндегі деректер бойынша қала халқы 28 309 адамды құрайды. Қала тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің арқасында экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамудың оң көрсеткіштері байқалады.

Инфрақұрылым

Қалада 130 көшенің 106-сы (81,5%) толық асфальтталған. Қалған 24 көшеге орташа жөндеу 2027 жылға дейін жоспарланған.

102 көшеден 71-і (69,6%) жарықтандырылған, ал тұрғын үйлердің аулалары 100% жарықтандырылған. 2025 жылы 14 көшеге жаңа жарық шамдары орнатылды.

Қаланың табиғи газбен қамтылу деңгейі – 91,33%, ауыз су жүйесі толық қамтамасыз етілген.

Кәріз жүйесін жаңғырту жоспары 2025–2027 жылдар аралығында жүзеге асады, тәулігіне 5 900 м³ қуаттылықтағы жаңа кәріз тазарту станциясы салынады.

Жылу жүйесін жаңарту үшін 211,7 млн теңге бөлініп, 2,6 шақырым құбыр толық жөндеуден өтті. Қазандық резервін жаңғыртуға 693,6 млн теңге жұмсалды.

Тұрғын үй

Қалада 158 шағын және көпқабатты тұрғын үйлер бар.

2025 жылы 5 көпқабатты үй қайта жөндеуден өтіп, 372 пәтер берілді.

Қазіргі уақытта 1 432 азамат тұрғын үй кезегінде тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар – 271, осал топ – 737, бюджет санаты – 416, жетімдер – 8.

Биылғы жылы 225 адам жаңа пәтерлерге орналаспақ.

Әлеуметтік сала

Мансап орталығы арқылы 1 724 адам жұмыспен қамтылды (жоспар 101% орындалды).

79 адам қайтарымсыз грант алды және өз кәсіптерін ашты.

Дене шынықтыру және мәдениет

Қалада 2 балалар-жасөспірім спорт мектебі, 1 «Талас футбол клубы» және 1 стадион жұмыс істейді.

2025 жылы 125 спорттық іс-шара өткізіліп, 8 000 тұрғын қамтылды.

Қала тазалығы

4 арнайы техника және 60 қоғамдық жұмысшы қаланың тазалығына жұмылдырылған.

Жыл басынан бастап 35 шақырым арық тазаланып, 160 тонна қоқыс шығарылды.

Қауіпсіздік

66 бейнебақылау камерасы орнатылып, Талас аудандық полициясына қосылды.

Мектеп және балабақша аумағында балалардың қауіпсіздігі үшін макеттер орнатылды.

Бағдаршамдар Б.Момышұлы және Төле би көшелерінің қиылысында жұмыс істейді.

Абаттандыру және жасыл желектер

2025 жылы 21 жаңа балалар ойын алаңшасы орнатылды.

«Жасыл белбеу» аймағына 10 000 қара тал және қала ішінде 600 қара ағаш көшеттері отырғызылды.

Батырлар аллеясына 73 ақ қайың және 146 туя ағаштары егілді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тәуелсіздік» саябағына 25 туя, 25 клён және 50 қайың отырғызылды.

Жасыл желектерді суғару үшін 3 су сорғысы мен артезиан құдықтары пайдалануға берілді.

Өнеркәсіп және инвестициялар

«Karatau Chemicals» ЖШС іске қосылды, жобаның құны – 2,88 млрд теңге, жылына 25 000 тонна пиросульфат натрий өндіріледі.

Жұмысшылар саны – 31 адам, өндіріс штабтық режимде жұмыс істейді.

Әкімшілік айыппұл

Қаланың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету үшін 46 адамға айыппұл салынды, 95 адамға ескерту берілді.

Қараусыз жүрген үй жануарлары бойынша 31, белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша 22 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Қаратау қаласы 2025 жылы барлық сала бойынша оң динамика көрсетіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды сәтті жүзеге асырды. 2026 жылы да инфрақұрылым, әлеуметтік және экономикалық дамуды жалғастыру жоспарда тұр.