ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖЕҢІЛДЕТТІ?
Қазіргі таңда Қазақстанда құқықтық қызметтерді цифрландыру жүйесі айтарлықтай дамып, азаматтар үшін көптеген мүмкіндіктерді жеңілдетіп отыр. Ең алдымен, «Е-заң көмегі» платформасы арқылы азаматтар кезексіз онлайн заңгерлік кеңес ала алады. Жасанды интеллект негізіндегі чат-боттар құқықтық сұрақтарға 24/7 режимінде жауап береді, бұл адамдарға тәулік бойы кеңес алуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, электронды апостиль қызметі арқылы құжаттарды онлайн рәсімдеу мүмкіндігі енгізілді. Бұл азаматтарға уақыт үнемдеуге және қағазбастылықтан босатуға мүмкіндік береді.
Қарыздар мен борышкерлерді бақылау саласында да цифрлық жүйелер өз тиімділігін көрсетті. «Цифрлық бақылау» жүйесі арқылы борышкерлер автоматты түрде анықталып, бақылауға алынады. Ал робот-сот орындаушы қызметі арқылы 562 млн теңге қаражат автоматты түрде өндіріліп, 27 974 атқарушылық іс автоматты режимде аяқталды.
Бұл шаралар азаматтардың 140 млн теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беріп, жеке сот орындаушы қызметіне кететін шығынды азайтты. Осылайша, құқықтық қызметтердің цифрландырылуы Қазақстанда әділет саласында ашықтықты, тиімділікті және экономикалық үнемділікті арттыруда.