ТАРАЗДА 13 ЖАСАР ҚЫЗДЫ АМАН АЛЫП ҚАЛҒАН ЕР АДАМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тараз қаласының тұрғыны Нуркен Умаровты марапаттау рәсімі өтті. Ол 13 жастағы қызды ұрлауға оқталу дерегінің алдын алған. Оқиға облыс орталығында болған. Екі белгісіз адам автокөлікпен қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы алып кетпек болған.
Жағдайға бейжай қарамаған азаматтың дер кезінде араласуының арқасында олар қызды ұрлай алмады. Күдіктілер жедел түрде анықталып, полиция қызметкерлерімен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД бастығы азаматқа ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді.
ПД БАСТЫҒЫ ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ:
Марапаттау рәсімі барысында Қайсар Сұлтанбаев Нұркен Умаровқа арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Ол мұндай азаматтық батылдық пен жауапкершілік қоғам үшін үлкен үлгі екенін атап өтті.
Өз сөзінде департамент басшысы сондай-ақ Ержан Сәденов азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тұрғындардың белсенділігі ерекше маңызды екенін жеткізді.
Нұркен Умаров өз кезегінде көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, мұндай жағдайда кез келген адам көмектесуге тырысуы керек екенін айтты.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға және күдікті жағдайлар байқалған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.