КІРПІК ЖАСАТУ, ТЫРНАҚ ІСТЕТУ ОРАЗАҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕЙДІ
Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар алаңында өңіріміздің бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қонақ болды. Рамазан айына қатысты қоғамда жиі туындайтын сұрақтарға жауап беру мақсатында сұхбат жүргіздік.
Сұрақ: Ораза кезінде не нәрселерге тыйым салынады? Мысалы: қыз балалары кірпік жасатып, жасанды тырнақпен жүріп, бастысы ниет деп ораза ұстауларын жалғастыра береді? Бұл қаншалықты дұрыс ?
Имамның айтуынша, оразаның негізгі мәні – адамның нәпсісін тыйып, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелеу. Сондықтан тек ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөзден, өсек-аяңнан, біреуге тіл тигізуден, ашу-ызаға берілуден де сақтану қажет. Рамазан айы – рухани тазару айы, бұл кезде мүмін мұсылман мүмкіндігінше құлшылықты арттырып, Құран оқуға, садақа беруге, жақсылық жасауға көңіл бөлгені абзал.
Сондай-ақ бас имам ораза ұстаушыларға ниеттің дұрыстығы мен ықыластың маңыздылығын атап өтті. Ауыз бекіту мен ауыз ашу кезінде дұға жасап, Алладан кешірім сұрау – оразаның сауабын арттыра түсетін амалдардың бірі екенін жеткізді.