Жаңалықтар

ТАРАЗДАҒЫ 100 АВТОБУСҚА QR CODE ОРНАТЫЛДЫ

QR кодты сканерлеу арқылы тұрғындар Тараздың тарихи орындары туралы мәлімет ала алады.

Автобустарда аудио-гид жүйесі де жұмыс істейді.
Көлік тарихи нысандардың жанынан өткен кезде аудиогид 3 тілде ақпарат береді.
QR код арқылы:
    •    тарихи орындар туралы мәлімет
    •    мекенжайы
    •    байланыс нөмірі
    •    билет құны
туралы толық ақпаратты білуге болады. 

Жобаға әзірге Әулиеатаның брендіне айналған 10-ға жуық тарихи нысан енгізілген.Мамандардың айтуынша, бұл жоба тұрғындар мен жастарға өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін тануға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Жамбыл облысында 3500-ге жуық тарихи-мәдени нысан бар. Алдағы уақытта цифрлық жүйені қаладағы барлық 46 автобус бағытына енгізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл жасанды интеллект арқылы тарихи аңыз кейіпкерлері анимация форматында көрсетіледі.