Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры БерікАсылов Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі құралдарыжөніндегі комиссиясының 69-сессиясында сөз сөйледі.
Сессия қатысушыларына жасалған негізгі үндеудіңөзегі есірткі қатеріне қарсы күресте жоғарытехнологиялық әдістерге көшу болды. Бұл бағыттағыбірегей үйлестіру жүйесі Қазақстанның құқық қорғауоргандарына қылмыстың қаржылық инфрақұрылымынжоюға шоғырлануға мүмкіндік берді.
Мұндай қарсы іс-қимыл халықаралық сипатқа иеболды, өйткені қазақстандық тараптың сұрауы бойыншашетелдік банктердегі 260 мың күмәнді шотқа шектеуқойылды.
Соңғы бес жылда уәкілетті органдар 400-ден астамесірткі зертханасын жойып, 75 ұйымдасқан қылмыстықтоптың қызметін тоқтатты. Осы кезеңде заңсызайналымнан 147 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде көлемі 13 тоннадан асатын рекордтықкокаин партиясы бар.
Бас Прокурор атап өткендей, есірткі бизнесінбейтараптандыру Қазақстан үшін заңдылық пеназаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізіболып табылады.
Қазақстан делегациясының Комиссияға ресми мүшеретіндегі жаңа мәртебеде қатысуы елдің халықаралыққауіпсіздік жүйесіне терең ықпалдасуының және ұлттықреформалардың тиімділігін мойындаудың маңыздыкезеңін білдіреді.
Қазақстан халықаралық конвенцияларды ұстануменқатар, интернет кеңістігінде есірткі саудасын анықтауғаарналған инновациялық цифрлық құралдарды белсендіенгізуге дайын екенін растады.
Талқылау барысында Бас прокуратура, Ұлттыққауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі, Ішкі істер министрлігі және үкіметтік емес ұйымдардыңөкілдерінен құралған Қазақстан делегациясы әлемдікқауымдастыққа есірткі бизнесінің қаржылық шоттарынбұғаттаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруды ұсынды.Бұл оның экономикалық негіздерін әлдеқайда тиімдіәлсіретуге мүмкіндік береді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясыныңағымдағы сессиясына мемлекет басшыларының, үкіметөкілдерінің және дипломатиялық миссиялардыңқатысуы қарастырылып отырған мәселенің жаһандықмаңыздылығын және есірткіге қарсы іс-қимылсаласында бірлескен шешімдердің қажеттілігінайқындайды. Комиссия алаңында ҚазақстанРеспубликасының Аустрия РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі, ҚазақстанРеспубликасының Вена қаласындағы халықаралықұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар БескенұлыТілеуберді
қатысты. Сондай-ақ Колумбия Президенті ГуставоПетро, басқа мемлекеттер мен халықаралықұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.