Жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ЖОЛ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

🔰 Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! ❗ Қазақстан Республикасының жолаушыларды тасымалдау ережесінің 41-1 тармағына сәйкес, жол ақысы жолға шыққаннан бастап келесі аялдамаға дейін есептеледі.


📅 Жаңа бақылау жүйесі 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.

👮‍♂️ Қалай тексеріледі? 
Контролерлер мен полиция қызметкерлері автобустарға кіріп, төлем жүйесін уақытша блоктап, жолаушылардың электронды немесе қағаз билеттерін тексереді.

⚡ Билетсіз жолаушыларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: 2 МРП мөлшерінде айыппұл (8 650 теңге).

🚍 Сондықтан қоғамдық көлікте жол ақысын уақытында төлеуді ұсынамыз!