Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

2025 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ «AULIEATA LIBRARY» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ «AULIEATA LIBRARY» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
открытый
Қосымшаны өзінің смартфонына жүктеп алған әрбір оқырман қосымшаны ашқан кезде басты беті ашылады. Басты бетінде қосымшаға енгізілген кітаптар орналасады. Бүгінгі күні 127 автордың 328 кітаптарының электронды нұсқалары аталмыш қосымшаға енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, цифрлық технологиялар дәуірінде жасанды интеллект қоғам дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналуда. Осы бағытта ұлттық әдеби мұраны заманауи тәсілдер арқылы насихаттау – уақыт талабы.  

Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Дулат Исабековтің «Гауһартас», «Бекет» повесі, Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы, Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі, Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», Оралхан Дәуіттің «Ақ самаурын», Марат Құлибайұлының «Қолқанат», Зейнел Жекейұлының «Тұлпар тағдыр» шығармалары көркем бейнеленіп, оқырман назарына ұсынылды.

Жамбыл Жабаевтың «Жыр алыбы – өз үнімен…» тақырыбында бейнеролик дайындалып, «Мақал-мәтелді тап!» атты танымдық бейнематериал ұсынылды. Аталған жұмыстар арқылы қазақ халқының даналық сөздерін насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.

14 наурыз – Көрісу күніне орай мерекелік құттықтау, ал 19 наурыз – Жаңару күніне орай арнайы бейнеролик жолданды.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай орталық алаңда жасақталған киіз үйде «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» атты жасанды интеллект көмегімен кітап көрмесін ұйымдастырдық. Көрме барысында туған жер тақырыбындағы шығармалар кеңінен насихатталып, жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы кітап мазмұны заманауи форматта ұсынылды.

    

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар