Жаңалықтар

Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр

Астанада ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Алексей Богдановпен екіжақты кездесуі барысында тараптар өсіп келе жатқан тауар айналымының оң динамикасын бағалады, 2022 жылы көрсеткіш 1,1 млрд АҚШ долларына жетті. 2023 жылдың 6 айында екі ел арасындағы сауда айналымының оң динамикасы байқалды, ол 1,5% құрады (456 млн АҚШ доллары). Әңгіме барысында тараптар екіжақты қатынастар мен өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін көпжақты форматта талқылады.

Өз кезегінде Алексей Богданов Қазақстанмен серіктестік орнатуға қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, ол Арман Шаққалиевті министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, саланың дамуы мен жетілдірілуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауданың дамуына әсер ететін шектеулерді алып тастау мәселелері бойынша жемісті екіжақты ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылға үміт білдірді.